Метка өмір жолы

Ауру дендеп, арқансыз

Ауру дендеп, арқансыз Тар төсекке таңылып, Күн тәртіптен жаңылып, Бармақ шайнап пұшайман, Жатқаным-ай сан ұрып! Қуық тұтпас дертімді, Ішімде жатқан өртімді, Зияда мен ұл-қызым — Бәрі де іштей біледі, Білетіндік белгісі: Мен жататын бөлмеге Аяқтары ұшынан Лыпи басып кіреді.

Сұқ көз аз ба ту сырттан қадалмаған?!

Сұқ көз аз ба ту сырттан қадалмаған?! Сұқ сөз аз ба асымды арамдаған?! Мың сүрініп, мың тұрып аман қалып, Сұқ көзге де, сұқ сөзге арандағам. Бұл күнімде бәрі ұмыт, даңғылдамын, Қаңқудың да ұмытқам қаңғырларын. Үлкен кінә — жігерді құм қылғаным,…

Қам көңіл, қам сүт емген пендемін ғой

Қам көңіл, қам сүт емген пендемін ғой, Тәлімсу, тәйтіктіктен кендемін ғой. Сойқанды сүрең күнді, сұрапылды Тіпе-тік белдеспей де жеңгемін ғой. Кім білсін? Алғы күндер не береді? Бәйгі атым әлде көкпар өңгереді. Жел қуып жеткізбейтін әңгелегі Тәрізді қуалатар әлденені.

Жанымда қалтарыс жоқ айла бүккен

Жанымда қалтарыс жоқ айла бүккен, Жадағай тозып келем жай қалыппен. Жүзбе-жүз айтылыпты сөзім түгел, Бүркелмей жамау-жасқау жайма әдіппен. Пердесін жалғандықтың жұлып аппын, Көлгірсіп көз алдамай найқалып өң. Жылпосты жемқор аттай жер тарпытып, Жүрмеппін бөктергіме байланып жем.

ШҮКІРШІЛІК

Күз бой, қыс бой иектеген сан сырқат, Қақтаса да қызыл шоқтай тандырлап. Құдай оңдап, Қызыр қолдап, әруақ жар, Қазірінше қалғаны жоқ қан құрғап. Құлағым сақ, қызыл тілім самбырлақ, Бас та, қол да өз ісіне қамбыл-ақ. Ақ бидайын желге ұшырып, қалбырлап,…