Метка өмір жолы

Ақ тер-көк тер астымда көлік-дене.

Ақ тер-көк тер астымда көлік-дене! Кешірмедің басыңнан өмірде не?! Арқалатпай ертоқым орта жолда, Өткелектің шығардың өріне де. Ақ тер-көк тер астымда дене — көлік! Қажыр қайрап қайратқа бердің ерік. Нәпсі-даққа жанымды тоттандырмай, Жеткенімше жетпіске болдың серік.

Тықыршисың бәйге аттай, дегдар інім

Тықыршисың бәйге аттай, дегдар інім, Бойыңда жоқ нәумез күй, енжар ұғым. От жайнайды көзіңнен, ойың сергек, Еңселісің, бура сан денең мығым. Кесек болмыс, бітімің бөлекшелеу, Көрсетіп тұр күш-қайрат берендігін. Алқынбаған дем алыс, орнықтылық Аңдатады ақыл-ой кенендігін.

Тілеужанды іздеу

— 1 — Бума-бума мол еңбек ғылымдағы, Дайын еді жазылып бұрындары. Тең түсетін кандидат, докторлықпен, Жүзеге аспай тек қорғау ырымдары. Таңжарықтан жинаған мол қазына, Ойдан азық беретін он жазыңа. Мінгізердей жүйрікті, жорғаны да, Сала-сала жол түзеп болжамыңа. Борықтырып болдыртқан бір…

Жетпіске жеткендеймін жер түбінен

Жетпіске жеткендеймін жер түбінен, Зеңітіп ой-ғұмырдың дерті кілең. Шыға алмай шыңына өлең шаршаудамын, Ақ тұнық аңқат қанбай мөлтілінен. Алдымнан аз шықпады әуре-сарсаң, Қиямет қылкөпірі — қайда барсам. Оң қабақ танытқандар өте сирек, Кейбірі сөзге келмей етті торсаң.

Бірінен бірі биік

Жетпіс жас — жеті кезең, жеті дәуір, Желкеме көп жүк артты: жеңіл де ауыр. Жеңілі жел өтінде желпіндірді, Ауыры арқа-жонды етті жауыр. Бірінен бірі биік кезеңдерім, Аямай алдан тосты белең-белін. Тайғақ та қия-құзды қиын жолдар Ернімнің талай көрді кезергенін.

Мазасыз өтті жылдар, өтті айлар

Секілді сел сыпырған топты қойлар, Мазасыз өтті жылдар, өтті айлар. Күйбеңі ошақ басы, от қасының Қол байлап, Жанбай сөнді отты ойлар. Көлденең көк аттыда кете барды Сыбаға маған тиер бақ-талайлар. Ақ қағаз ғылым кенін кемірген күн Азапты таңға айланды бақты…