Метка өлең

Азырақ ағайынға айтар назым

Азырақ ағайынға айтар назым: Көңілім қоңыр күйдің тартты сазын. Елу жыл еңселігін жыр жүгі езген, Бұл Естеу сымпылдатты аққу, қазын. Қаз қойқаң, үйрек байпаң, аққу саңлақ, Сақ жүзді тыныш қоныс, айдын таңдап. Кім кепіл тұрмағанға қанға жерік Сұр мерген қарауылға…

Көзін ашпақ болып қалың наданның…

Көзін ашпақ болып қалың наданның, Досы болды әкем кітап, қаламның. Сол әкеміз және алғашқы ауылда Бірі болды мектеп ашқан адамның. Бірі болды ашық көзді адамның, Бірі болды ғашық сөзді адамның. Сол әкеміз ойпыл-тойпыл заманда Ілінгені-ақ нысанасына наданның.