Ой іздедім тұңғиық түптерінен
Ой іздедім тұңғиық түптерінен, Орманды өрдің жап-жасыл тік төрінен. Арқалаған ажырық арқа-жонға, Арылмастан жан бағыс жүктерінен.
Ой іздедім тұңғиық түптерінен, Орманды өрдің жап-жасыл тік төрінен. Арқалаған ажырық арқа-жонға, Арылмастан жан бағыс жүктерінен.
Естеу атаға арнау Жүрегімнен жыр жазатын ақындыққа жақынмын, Өлең сүймес пенделерге көңіліммен салқынмын. Табынамын туындыға жарып шыққан көңілден, Қаламынан жыр төгілген Естеу сынды ақынның.
Биле өзіңді, өзіңе бол да басшы, Дос, туыстың мінін айт болса да ащы. Өмір – тартыс құбылса күн, түн сайын, Соны сез де кідірмей хатқа басшы.

Томпайып бейіт қалды белең қырда, Мұра қып қолау құба көбеңді ұлға. Білген жоқ бірақ ана сол ұлының, Боларын құмар өрен өлең-жырға.
Ақынның алғашқы жинағы 1957 жылы Шиңжаңның Жастар баспасынан «Арман» деген атпен шыққан. Онда кітап атын иеленген өлең былай аяқталады: …Шіркін, Арман, көз ұшынан қылаңдап, Жеттім десем, алыстайсың бұлаңдап. Қуа беру сені неткен тамаша! Жеткізбеші, жеткізбеші сылаңдап…
Өлкесіне өлеңнің Ақын келіп ақ маңдай, Жаулайтұғын жүректі Сиқыр жырлар тапқандай. Ағыл-тегіл дастанды Тұра алмады ақтармай. Анау-мынау жыршыны Табанында таптардай.