Қаламың — суырулы алдаспаның

(Т. Молдағалиевтің соңғы топ өлеңін оқудан туған ой) Айтқышсың, айтқышсың-ақ, ақын Тұмаш. Жүрекке жылы жырмен жақын Тұмаш. Аптығын басып жампоз жандардың да, Қашанда деп тұрасың құшағыңды аш. Мойынсал саған күллі сөз жейтіндер, Қырғиы қияннан жем көздейтіндер. Пайда іздеп өнер бағын…

Бұқара Тышқанбаев әруағымен тілдесу.

Естімей бір мадақ сөз мейір қанды, Кеттің көрмей жақсы күн, жақсы таңды. Тигені жоқ сыбағаң, толық еншің, Өткізсең де басыңнан талай даңды. Ұзақ аңыз кешірген — арғың, бергің, Тарғалаң жол, тар кезең ауғын, келгін… Сонда да сен «Қасен мен Жәмиладай»…

Хамит Ерғалиев

Хамаңа

Шабытын шарқ ұрғызды Хамаң ақын, Жайраң көз жарылқады жамағатын. Шығандап шықты алға, кейін тастап, Сан жүйрік ақындарды шаба алатын. Тұғырын ақындықтың биіктетті, Дастанды, лириканы үйіп-төкті. Иіріп оңқай асық сақасындай, Сегіз қыр, сексен сырлы сүйікті етті.