Шымыр шыдам

Шақырды бәсекеге Елбасы Елді, Ақылмен, парасатпен ең кемелді. Сол сол-ақ іші өртенген бақас топтың Көздері шарасынан дөңгеленді. Байбалам айғайменен аттандаған, Жан-жақтан жапты жала қапталдаған. Өкпелі әлдекімі мансабына, Мойнында кінәсі бар батпандаған.

Сауал жаңбыр.

Егемендік елде кімге не берді? Егемендік төлеуіне ел не көрді? Кім алданды, кім арбалды, кім жырғап? Үлде менен бүлдеге кім бөленді? Қырда малды, ойда егісті жекелеп, Қан талапай үдеткен кім жегенді? Қырған, сойған аз болғандай бастыққа, Кім шығарды айырбастау дегенді?…

Ел нышан

Апталған алтындай шұғылалы шаңырақ, Төбеде жайнайды Күн Сәуле жамырап… Дейтіндей Елтаңба егемен Еліме: — Бас қамшы, қанатты арғымақ аңырат! Шаңырақ шайқалтпас уық та, Кереге, босаға — Өзіміз. Ант айтсақ, адалмыз әр сөзге, Қалтқысыз қырағы Көзіміз.

Сен де перзент еліңе

Елулікке енбекші еңселі елім, Байқады әлем терезе теңшелерін. Байқады әлем көз жазбай қазақемнің, Бел буынып көп істі еңсерерін. Байқады әлем жарысқа қосқан ұл, қыз, Бәсекеде бәйге алып белсенерін. Байқады әлем қазақты Нұрсұлтандай, Ел бастаудың ысылған ең шеберін.

Бөлекше тұстасынан

(Батыр, ер Рахымжан ағаға) Шәпету , сары жігіт, өңі ашаң, Ырғайдай , тіп-тік түзу және жасаң. Аз сөйлеп, көп тыңдайтын дегдар, бекзат, Деп түйген: “Айтқан сөзден айнымасам”. Сол дітін нықтап тұтқан өмірінде, Жатқан шоқ жайнап оттай көңілінде. Оққа ұйтқан жаудың…

Аппақ аға

(Кеңес Одағының Батыры Р.Тоқатаевтың 80 жасына) Ассалаумағалайкум, аппақ аға! Жұрттан ерек жаратқан Хақтағала. Денеңізді шап-шағын пішсе-дағы, Жау жүрек қып жасаған баққа бола. Қара жерге сызғылап жара-шиыр, Қаптаса да анталап қара «Тигр», Аспай-саспай сабырмен ес тоқтатып, От қаптыра өртедің танкіні үйір.