Мінезі, бітісі бөлек батыр

(Кеңес Одағының Батыры Р.Тоқатаевқа) Мінезі бөлек, Бітісі бөлек батырсыз. Атаққа әр кез Дандаймай келе жатырсыз. Көрер көз болса, Айдыны шалқар теңіздей, Тұңғиық тұнған Тау толқын терең ақылсыз. Мінезі бөлек, Бітісі бөлек ағасыз, Иланғыш, сенгіш, Ерекше нанғыш дарасыз, Қалтарыс тұтпас Ашықсыз…

Ата жолың — ардағың

Айтсаң — аңыз, Тартсаң — күй, Шырқасаң — ән. Дастан сомдап соғасың — жетсе шамаң. Адамдыққа құяды арғы түбі — Адал жолын айнымай нық ұстасаң. Ата жолың — ардағың, қасиетің, Таңданып та тамсанып бас иетін. Жауды жеңген әр биік, әр…

Қадірлейік бар ісін қасиеттеп

(Елбасының Жолдауынан туған ой) Көш өрлету оңай ма, — көлікке күш. Мың ауысып, миласар өң менен түс. Көк доңғалақ қайда бар ылғи өрге Тосқауылсыз, бөгетсіз дөңгелегіш?! Қайрат, қажыр ақылға иін артпай, Алдан сенім арқан сап сүйреп тартпай, Қақпатасқа қақтықсақ, жүк…

Нағыз ер

Нағыз ер: аршынынан талмағандар, Саудаға ар-ұятын салмағандар. Қатарды аяғынан шалмағандар, Озғанды түп етектен алмағандар. Нағыз ер: теңтұсына тараймаған, Артынан жеткендерге алаймаған. Өз жолын, өр-еңісін абайлаған, Бақ-тәлей басқада артса қараймаған…

Жерлессің, замандассың, сыйлассың да

Жерлессің, замандассың, сыйлассың да, Бірісің етене ескі қимастың да. Тілеулес істер істеп тілеулеске, Достарың достарыммен миластың да. Базарлы, бапты ұстап көңіл құсын, Болса да созысқан күн қолдың ұшын. Дос-жарды, таныстарды көбейтуде, Сенің көп бізден дара оқшау тұсың.