Заман

«Мына заман қай заман, қай-қай заман?» Империя күйреген дай-дай заман. Тәуелсіздік жол іздеп сай-сайлаған, Даусы өктем заман бұл айқайлаған. Ұлт жандылар жүргенде жүген іздеп, Ақ қойларын боз дөңге шай-шайлаған. Боз бестілі бұрынғы пысық хатшы Іліп кеткен билікті қайқаймадан.

Құдайым өмір берді сөресі алыс

Құдайым өмір берді сөресі алыс, Пешенем болғаны ма кере қарыс? Жарар ед солай болса.Әй, білмеймін, Қайда бар жүгінерлік төре, қалыс? Сауал көп: Хақым қанша мақтануға? Көп жасап көп күнаға батпадым ба? Ада етіп ақ парызды ақтадым ба? Әрдайым ар-ұятты сақтадым…

Құдайым өмір берді мәресі алыс

Құдайым өмір берді мәресі алыс, Өнерлі ойда таңдатты бәйге-жарыс. Қолдан қалам түспеді елу бес жыл, Не тындырдым, әз жұртым өзің қалыс. Әділдігін өзің айт, қайран қалыс, Болмағаным ап-анық сайран салғыш. Тек өнерді қууға босатпады Қыл арқандай мойнымнан байланған іс.

Наурыз жыры

Парсы, тәжік жұртынан бастау алған наурыз, Тұрақ тауып Тұранда қоштау алған наурыз. Сақ, үйсіндік заманнан ата дәстүр наурыз, Көп көшпенді тайпамен аталас кіл наурыз. Қызырға да, Баққа да есік ашқан наурыз, Жеті жұттан құтылтар несіп ашқан наурыз. Қыс қаһарын қайтарып,…