Yerzhan Nussipbekov

Yerzhan Nussipbekov

Он сегіз

О, дариға, он сегіз, қыз көктемі, Ғашықтықтың ғапылсыз іздет мені. Маған аян махаббат шежіресінен, Сені аңсап сан тарау із кеткені. Кездестірдім кейіннен тас бейіттер, Құлай сүю құрбаны жас шейіттер. Оның бәрі көне күн оты сөнген, Менмін саған дәл қазір бас…

Әкем – қазақ, мен – қазақ, ұлым – қазақ

Әкем – қазақ, мен – қазақ, ұлым – қазақ, Тілейтінім – тамырдан жұлынбасақ. Түпкі тамыр: тіл мен дін нық орнықса, – Ете алмас-ты ешкім де бізді мазақ. Әйтсе-дағы қиын-ақ мына заман, Көбеюде күн сайын күнәлі адам. Қауіп те көп, соққы…

Мешіттегі мінәжат

Мешітің құтты болсын, мұсылмандар , Құлшылық үйін жасап ұсынғандар ! Парызды ада етудің жолын ізде, Таубадан жаңылмастық тұсыңды аңғар. Берік бол исламыңның әміріне, Жат діннің төзе көрме жәбіріне. Қаза етпе, уақтында оқы бес намазды, Құлақ түр азаныңның әр үніне.