Өтіппін ойлы-қырлы жер үстімен
Өтіппін ойлы-қырлы жер үстімен, Ой-пікір жарыстырып өрістімен. Ұштаппын өнерімді қол ұстасып, Серімен, сұлумен де келістімен. Сылтыңсыз сыр бөлісіп сымбаттымен, Жыртыңсыз күн кешіппін қымбаттымен. Сұңғыла сұхпат тыңдап сусындаппын, Сәбиттей, Ғабиттей де сұңғаттымен.