Метка халық

Амандасу

Жаз. Дала. Бетегелі үйдің қасы. Көк бурыл желкілдейді шидің басы. Жантайған сары жоңышқа құшақ жайса, Құлын кекіл сусиды жусан шашы. Су жақта-балалар мәз жайраңдасып, Ат болып, атан болып тайраңдасып. Сағынып-қарлығаш та қалғьн болар, Аймалап, жүр төбемде амандасып.

Ақын кетті

Естеу Нүсіпбековтің рухына Жыр кенін бір ақындай қазып көрген, Халқына рухани азық берген, Естеу ақын Нүсіпбек күні кеше, Маған да бір кітабын жазып берген.

Саңлақ ой елді бастар сардар іске

(«Қазақ үні» газетіне) Саңлақ ой бастайды елді сардар іске, Мән берсе,- мәйек, ұйтқы әр дәріске. Ондай ой туған еді Орынборда, Толғағы жеткен, піскен болжалы іште Бастысы—газет, қазақ тіліндегі, Асылды жатқызбай қап түбіндегі, Халқына теңдік іздеп, жоғын жоқтап, Даланы дабылдатып жүгірмегі…