Метка ұстаз

Ұстазға бас иейік, кел ағайын

(Ұстаз-ақын Естеу Нүсіпбековке арнау) Сөзі: ақынның шәкірті, аяулы азамат Ерғожа Тілепбердиевтікі Көрсетіп барар жолды ізгі үмітке, Баулыған жақсылыққа, ізгілікке, Ұстазға бас иейік кел ағайын, Ақылы серік болған бұл тірлікте.

Бұқара Тышқанбаевқа

Тегін бе қимайтыным, ақын аға?! Береді мекен бұрын қоғам баға. Әйтеуір бола білдің менімен тұс Көз ашқан жігіттерге жақсы жаға. Ауылдан білім аңсап Құлжа келдік, Сол кезден ойлы азамат Сізді кордік. Қалайда Сізге еліктеп Сәбитті оқып, Ақындық  қиялына тізгін бердік.

«Кешіккен сый» кітабы жайында

Е.Нүсіпбековтің « Кешіккен сый» кітабы жайында (Өкен ІЛИЯСҰЛЫ, Қ. Сәтбаев атындағы   орта мектептің қазақ тіл-әдебиеті мұғалімі, әдіскер ұстаз.) Құрметті білікті қауым, қадірлі ұстаздар, білім қуған мөлдір сезім шәкірттер ! Бүгін осы мектепте, осы киелі шаңырақта ұзақ жыл тер төккен, біріміздің…

Шәкірттің әр қиялы

Әр шәірттің әр қиялы — Жер Серік. Кеңістікте кетпей қалғып теңселіп, Хабар-ошар қабылдайды белсеніп, Ми-ортаға жеткізеді еңсеріп. Әр шәкірттің әр қиялы — бір атан. Мен шәкірттің қиялшылын ұнатам. Қиялға жүк іздесе егер жүз атан, Катепті нар керуен тізіп ұзатам.

Сыпатаев Мәжен жайында

СЫПАТАЕВ  МӘЖЕН  ӨТЕМІСҰЛЫ ЖАЙЫНДА Мәженмен алғаш І946 жылы күзде Құлжа қаласында Ұлттар гимназиясында таныстым. Сыныбымыздағы 3О шәкірттің үштен екідейі ересек жігіттер болатын.   Тіпті  Жыңдағы, Шихудағы гоминдаң әскерлерімен болған соғысқа қатысып қайтқан, әскери гимнастиркасымен  жүргендер де аз емес-тін.  Ағзамбай, Шалғымбай, Жұмақын…

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ» ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖАЙЫНАН

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ» ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖАЙЫНАН Құрметті жерлестер ! Ардақты ағайын ! Қадірлі қазақ тілінің жанкүйерлері ! Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, пәрменділігін  күшейту  мәселелері бойынша кеңестеріңіздің берекелі және баянды болуына тілектестік білдіремін. Мен алдымнан әлденеше жүздеген, тіпті мыңдаған шәкірт ұшырған, 45…