Мектепті алтын белгімен бітірушілер
Болашақ сендердікі, өрендерім, Білімнің өтедіңдер төлемдерін. Тердіңдер әр пәннің де жақұттарын, Тұңғиық сүңгіп жүзіп тереңдерін. Он бір жыл оқыдыңдар зеректікпен, Биіктеп еңселерің ерен тіптен. Он бір жыл сыналдыңдар талап жүктеп, Дарынмен, талаппенен бөлек біткен.