Метка қазақ

Қазақ көші

Қазақтың мың жанып, мың өшкені көп, Тар кезең, қилы заман кешкені көп. Малға өріс, жанға сая табам ба деп, Ауғын боп ата жұрттан көшкені көп. Зынданнан қашып шығып, кісен ашып, Тасқа ұрып, қолдан бұғау шешкені көп.

Андыздап жүр Әзәзіл төрткүл тұстан

Андыздап жүр Әзәзіл төрткүл тұстан, Әпсүн оқып сүу-сүулеп іштен-тыстан. Аран ашты айдаһар-ғаламдасу, Белге оралып  мытқылап өкпе қысқан. Тарылдырды тынысты, басар жолды, Жат жобалап жоспарды жасар болды. Шығыс емес , таңдалды Батыс үлгі, Ұлттық рух бел кетіп нашарланды.

Әкем – қазақ, мен – қазақ, ұлым – қазақ

Әкем – қазақ, мен – қазақ, ұлым – қазақ, Тілейтінім – тамырдан жұлынбасақ. Түпкі тамыр: тіл мен дін нық орнықса, – Ете алмас-ты ешкім де бізді мазақ. Әйтсе-дағы қиын-ақ мына заман, Көбеюде күн сайын күнәлі адам. Қауіп те көп, соққы…

Мағжан

Мағжан — от, қазағыңның жанған шағы, Ел көші өртте малтып маңған шағы. Қорланған арулардың мойнында шоқ — Үзілген бытыр-бытыр жан моншағы. Мағжан — от, дауыл үрлеп лапылдаған, Мағжан -қан, қолқа қуып лақылдаған. Мағжан — оқ, нысанаға дөп тиетін, Қас мерген…

Батыр баба ескерткіші алдында

Батыр баба ескерткіші алдында (Райымбек батыр ескерткішін көргендегі толғаныс) Асалаумағалайкүм, батыр баба. Айбарымсың алысқа, жақынға да. Қырық садақ атанған әулетіңнен Таратылған құлақ сал ақынға да. Қазағыңа алы алаш төл баласың, Қастерлеткен дара ерсің ер жорасын. Жәй бірі емес құдайдың көп…

«Мұғаліммін» — поэмасы

МҰҒАЛІММІН  (поэма) 1. Уақытқа наз Мұғаліммін мазасыз білім десе, Көз майымды тауысты күнім неше. Рахат тауып қалар ем бұл шақта да Түн бойы оқып кірпігім ілінбесе…