Метка өмір

Сөз бер маған, замандас, айтарым бар

Сөз бер маған, замандас,айтарым бар, Айтар ойдан дәуір бұл қайтарым бар. Құлқы ынтық құлақпен құйып алып, Құлазыған көңілден жай таныңдар. Алдау, арбау көбейді бұл өмірде, Суық бауыр, тас мейір сұр көңіл де. Еткен тірлік, емінген емшектің де Сыры, жыры әр…

Жалт-жұлт еткен дүние ғұмыр-тірлік!

Жалт-жұлт еткен дүние ғұмыр-тірлік! Көлеңкеңнен көңілім көрмеді үркіп. Өттім талай тар жолдан ат-көлік сау, Сезім, сенім тізгінін теңшеп іркіп. Өткізбедім дел-сал күй қалғып-мүлгіп, Қатарымнан ертелеу аштым түңлік. Айдыныңа тұңғиық ашық таңда — Тәуекелшіл талаппен кеттім сүңгіп.

Азырақ ағайынға айтар назым

Азырақ ағайынға айтар назым: Көңілім қоңыр күйдің тартты сазын. Елу жыл еңселігін жыр жүгі езген, Бұл Естеу сымпылдатты аққу, қазын. Қаз қойқаң, үйрек байпаң, аққу саңлақ, Сақ жүзді тыныш қоныс, айдын таңдап. Кім кепіл тұрмағанға қанға жерік Сұр мерген қарауылға…