Метка иман

Құдайым өмір берді мәресі алыс

Құдайым өмір берді мәресі алыс, Өнерлі ойда таңдатты бәйге-жарыс. Қолдан қалам түспеді елу бес жыл, Не тындырдым, әз жұртым өзің қалыс. Әділдігін өзің айт, қайран қалыс, Болмағаным ап-анық сайран салғыш. Тек өнерді қууға босатпады Қыл арқандай мойнымнан байланған іс.

«Тірі бейіт» әңгімесі.

(Зайсандық бажам Оспанов Оралдың айтқан қалпы). Жапанда жалғыз күмбез омырылған, Төбесі ішке түсіп томырылған. Жусанды жазаң дөңес маңайы ашық, Белгі жоқ басқа бейіт қорымынан. «Жайлы жат!»- дұға қылдым, сақал сипап. Тосынсып Орал бажа етті қипақ. Болғанын бір оқыстың сезе қойдым,…

Ел деген ат, жер деген ат мақтаныш

Ел деген ат, жер деген ат мақтаныш, Демейді ол зәмзәм суын жаттан іш. Кіндік қаның жуған жердің шалшығын Дейді: — жаудан қорғап жүріп аттан ұш. Қоңыр жазық бабам салған ат жарыс, Бейбіт күнге терің тек те тап-табыс. Елдігіңді, ерлігіңді қорға…

Көп үндемей жүргенге, ойсыз деме

Көп үндемей жүргенге, ойсыз деме, Созбағанға мойнымды, бойсыз деме. Өзімді іркіп, өзгеге кезек берсем, Көңлі күнсіз, аспаны айсыз деме. Ұсақ данқ, бас пайда, жеңіл сезім, Көрсеткенмен алтын қып көңіл жезін. Ақыл отын жағуға суын сеуіп, Қысқа өлшетіп кетпей ме өмір…