Метка иман

Басымнан бермесем де билігімді

Басымнан бермесем де билігімді, Үлкенге ұмытпаймын илігуді. Жол берем кішілікпен кісілікке, Тізгіндеп жөн-жосықсыз килігуді. Кіші аз ба кердең, кербез билігі өр, Елеусіз оларға да беремін төр. Кенделік емес шығар пенделігім, Кішілік мінім болса түзетер көр. © Естеу Нүсіпбеков

Жанымда қалтарыс жоқ айла бүккен

Жанымда қалтарыс жоқ айла бүккен, Жадағай тозып келем жай қалыппен. Жүзбе-жүз айтылыпты сөзім түгел, Бүркелмей жамау-жасқау жайма әдіппен. Пердесін жалғандықтың жұлып аппын, Көлгірсіп көз алдамай найқалып өң. Жылпосты жемқор аттай жер тарпытып, Жүрмеппін бөктергіме байланып жем.

Сауал жаңбыр.

Егемендік елде кімге не берді? Егемендік төлеуіне ел не көрді? Кім алданды, кім арбалды, кім жырғап? Үлде менен бүлдеге кім бөленді? Қырда малды, ойда егісті жекелеп, Қан талапай үдеткен кім жегенді? Қырған, сойған аз болғандай бастыққа, Кім шығарды айырбастау дегенді?…

Заман

«Мына заман қай заман, қай-қай заман?» Империя күйреген дай-дай заман. Тәуелсіздік жол іздеп сай-сайлаған, Даусы өктем заман бұл айқайлаған. Ұлт жандылар жүргенде жүген іздеп, Ақ қойларын боз дөңге шай-шайлаған. Боз бестілі бұрынғы пысық хатшы Іліп кеткен билікті қайқаймадан.

Құдайым өмір берді сөресі алыс

Құдайым өмір берді сөресі алыс, Пешенем болғаны ма кере қарыс? Жарар ед солай болса.Әй, білмеймін, Қайда бар жүгінерлік төре, қалыс? Сауал көп: Хақым қанша мақтануға? Көп жасап көп күнаға батпадым ба? Ада етіп ақ парызды ақтадым ба? Әрдайым ар-ұятты сақтадым…