Метка Аспантау

Аспантау бойлап келемін

АСПАНТАУ БОЙЛАП КЕЛЕМІН 1 Аспантау бойлап келемін. Буырыл жалын атымның Ай сәулесіне шомылтам. Көкшулан ашық аспанға Қиян қиял тоғытам. Әулие Тау — Аспан Тау Ата мекен тұрағым. Араласам бұл тауды, Елеңдейді құлағым. – Жай жасыны- жаным да, Шақпақтары — шырағым.…

Ел деген ат, жер деген ат мақтаныш

Ел деген ат, жер деген ат мақтаныш, Демейді ол зәмзәм суын жаттан іш. Кіндік қаның жуған жердің шалшығын Дейді: — жаудан қорғап жүріп аттан ұш. Қоңыр жазық бабам салған ат жарыс, Бейбіт күнге терің тек те тап-табыс. Елдігіңді, ерлігіңді қорға…

Көп үндемей жүргенге, ойсыз деме

Көп үндемей жүргенге, ойсыз деме, Созбағанға мойнымды, бойсыз деме. Өзімді іркіп, өзгеге кезек берсем, Көңлі күнсіз, аспаны айсыз деме. Ұсақ данқ, бас пайда, жеңіл сезім, Көрсеткенмен алтын қып көңіл жезін. Ақыл отын жағуға суын сеуіп, Қысқа өлшетіп кетпей ме өмір…

Қасиетіңнен айналайын адамдар

Қасиетіңнен айналайын адамдар, Кірпік қақпай маған тіке қараңдар. — Сырлар іздеп, сендерден де көз алмай, Көңіл алмай, шақтарым көп алаңдар. Ерке епшіл саусақсыңдар әрбірің, Сыңғырлатып шертіп тұрған жан қылын. Құйыласың көкірегіме күй болып, Еркін бойлап, бетіңде ойнап қан, нұрың.

Атамекен

Атыңнан айналайын атамекен! Кіндік қан сенде төккен атам, әкем. Тал бойым, табиғатым саған мәнсұк, Тер тегіп от қойныңды Отан етем. Сен маған махаббаты от анамдайсың, Сімірткен балды земзәм банандайсың. Биікке бала құстай алып шығып, Әр танда қанатымды тарамдайсың.