Метка Аспантау

Азырақ ағайынға айтар назым

Азырақ ағайынға айтар назым: Көңілім қоңыр күйдің тартты сазын. Елу жыл еңселігін жыр жүгі езген, Бұл Естеу сымпылдатты аққу, қазын. Қаз қойқаң, үйрек байпаң, аққу саңлақ, Сақ жүзді тыныш қоныс, айдын таңдап. Кім кепіл тұрмағанға қанға жерік Сұр мерген қарауылға…

Жыл толды ақын жүрек тоқтағалы

Салыппын суретті де сөзбен зерлеп, Тұп-тұнық Аспантаудың көркіңмен тең. Естеу Нүсіпбеков Жыл толды ақын жүрек тоқтағалы, (Қимаймыз, жанардан жас боталады). Сусап кеп жыр-бұлақтан шөлім бастым, Маздайды, марғау көңіл, шоқтанады.

Ақын Е.Нүсіпбековтің шығармашылығы.

Ақынның алғашқы жинағы 1957 жылы Шиңжаңның Жастар баспасынан «Арман» деген атпен шыққан. Онда кітап атын иеленген өлең былай аяқталады: …Шіркін, Арман, көз ұшынан қылаңдап, Жеттім десем, алыстайсың бұлаңдап. Қуа беру сені неткен тамаша! Жеткізбеші, жеткізбеші сылаңдап…

Ақ бұлағы жанымның

Ақ бұлағы жанымның – сезімдерім бұлқынған, Ағындарға ак толқын құлаш ұрып ұмтылған. Ақыл-ойды меңдеткен әлегі асық жыр-тумам, Аңтарылған алға-артқа аялы жоқ бір тынған. Мөлдір тұнық тамшысы маңдай терден үзілген, Мұз бұршақпен шайылып, малта таспен сүзілген. Сусындатқан бау-бақты, адамзатты құзырмен, Күлім…