Метка Алаш ақиықтары

Бұқара Тышқанбаевқа

Тегін бе қимайтыным, ақын аға?! Береді мекен бұрын қоғам баға. Әйтеуір бола білдің менімен тұс Көз ашқан жігіттерге жақсы жаға. Ауылдан білім аңсап Құлжа келдік, Сол кезден ойлы азамат Сізді кордік. Қалайда Сізге еліктеп Сәбитті оқып, Ақындық  қиялына тізгін бердік.

Ахмет

Бағына бере салған Бір Жасаған, Риза, қазақ тілі риза саған. Басыңа қалай сыйған сонша дүние? Әулие адамдайсың мың жасаған. Құл сөзден шоқай тартып, таяқ тұтқан, Жасадың ер терминдер жүрек жұтқан. Ғылымның айбарлы азу атаулары Бұраңдап балтырыңды болды Құтпан.