Метка Алаш ақиықтары

Шәкәрім

Құнанбай немересі, асыл қаннан, Жарық шам, түтіндемей ашық жанған. Абайдың жан дертімен мең-зең болып, Түнде ұйқы, күндіз күлкі қашырған жан. Абайдың отырса ойы, созса — қолы, Шиыры Шығысқа озған бозша жолы. Сойқанды содырлардан, сұмнан, қудан, У-зәрді аз ішпеген ыдыс толы.

Мағжан

Мағжан — от, қазағыңның жанған шағы, Ел көші өртте малтып маңған шағы. Қорланған арулардың мойнында шоқ — Үзілген бытыр-бытыр жан моншағы. Мағжан — от, дауыл үрлеп лапылдаған, Мағжан -қан, қолқа қуып лақылдаған. Мағжан — оқ, нысанаға дөп тиетін, Қас мерген…