Таудай талап берген тағдыр, япырай.

Таудай талап берген тағдыр, япырай, Ең болмаса бақ бермепті тарыдай. Өксіді өмірім, өсек-қаншық із кесіп, Еңбекке сай сыбағама жарымай. Өкпелеуге хақым жоқ па өмірге?! Әлде менің жүйке жүйем темір ме? Әлде жүйкем-жүн, болмаса киіз бе? Кожекедей күйгем жоқ па көмірге…

Көлік-дене көк танау қажығандай

Көлік-дене көк танау қажығандай, Білеу-білеу сіңірлер сазығандай. Күннен-күнге азайып әл-дәрмені, Алқынады керіліп жазыла алмай. Шыққан екем, қайтейін, көп жүк артып! Шамадан тыс жүйкемді бек жұқартып. Өкпе-назың көк тиын замандасқа, Пақыр бар ма сөз ұғып, текті ұғарлық?! © Естеу Нүсіпбеков

Ақ тер-көк тер астымда көлік-дене.

Ақ тер-көк тер астымда көлік-дене! Кешірмедің басыңнан өмірде не?! Арқалатпай ертоқым орта жолда, Өткелектің шығардың өріне де. Ақ тер-көк тер астымда дене — көлік! Қажыр қайрап қайратқа бердің ерік. Нәпсі-даққа жанымды тоттандырмай, Жеткенімше жетпіске болдың серік.

Зымыран уақыт шіркін оқтай екен.

Зымыран уақыт шіркін оқтай екен. Күйдірсе, – көмбедегі шоқтай екен. Аз емес тайғақ кешу, тар кезеңім, Соларға мен қалайша соқпай өтем?! Әр күнім, айым, жылым өнер тапқан Жасартты, жасандырды тұс-тұс жақтан. Деседе дұшпандарым дес алып жүр Ылғи да лас ниетпен…

Жүрмін-ау жүрек жара қуана алмай

Жүрмін-ау жүрек жара қуана алмай, Ел танып еңбегімді – жұбана алмай. Дөп сыйлап артық-кемсіз сыбағамды, Бір тосын бақыт күнім туа қалмай. Аз болмай арман-қырғи алысары, Ой биік самғар еді алыс, ары… Бесінші белесімде тағдыр таптым Анда да, мұнда да емес,…