Жарқыл қаққан жас бойдан жанаттылық

Жарқыл қаққан жас бойдан жанаттылық, Көрсем деймін сардарлық, санаттылық. Албырттық пен аңғырттық ала қашпай, Ұстасаң-ау табанды тағаттылық. Күрестің бе? Мықты ұста бір қалыптық. Әпермейді абырой ұр да жықтық. Астаспаса айла-әдіс ақылменен, Қажмұқандық алыптық – құр халықтық.

Тықыршисың бәйге аттай, дегдар інім

Тықыршисың бәйге аттай, дегдар інім, Бойыңда жоқ нәумез күй, енжар ұғым. От жайнайды көзіңнен, ойың сергек, Еңселісің, бура сан денең мығым. Кесек болмыс, бітімің бөлекшелеу, Көрсетіп тұр күш-қайрат берендігін. Алқынбаған дем алыс, орнықтылық Аңдатады ақыл-ой кенендігін.

Басымнан бермесем де билігімді

Басымнан бермесем де билігімді, Үлкенге ұмытпаймын илігуді. Жол берем кішілікпен кісілікке, Тізгіндеп жөн-жосықсыз килігуді. Кіші аз ба кердең, кербез билігі өр, Елеусіз оларға да беремін төр. Кенделік емес шығар пенделігім, Кішілік мінім болса түзетер көр. © Естеу Нүсіпбеков

Сөзді кім қалай ұғар, қалай бұрар?

Сөзді кім қалай ұғар, қалай бұрар? Сөз ұғар тез тап болар талайлыға әр. Сөз ұғар мен талайлы шөккен жерде, Сөз сатқан шоқтықтанар малайлылар. Көбейді сөз бұрар да, көз бұрар да, Шығып тұр турашылдан озбыр алға. Бар ойы саудалаулы сөз бұрарға,…

Ақ сорпа ат құйғытқан нөпір көкпар

Ақ сорпа ат құйғытқан нөпір көкпар. Аз да емес ақ тер, көк тер топырлақтар… Не сойы сайгүліктің, салбілектің Осында созылтуда бұлшық ет, қар. Серкені өңгерген кім тайталаста ? Қарт салтаң шетте оны байқамас та… Тақымгер, тартыскерлер өз ісімен. Шара жоқ…

Көкпар

Көкпар — сын, күш сынайтын, ат сынайтын. Ат таңдап жаратардай бап сынайтын. Жеңсігі басылмаған бақ сынайтын Ер-тұрман, қос үзеңгі,шылбыр-тізгін Сай ма деп ат шөгелсе апшылмайтын. Көкпар — сын, күш жеткен кұл тартып алар, Арқалы шын көкпаршы қарқын алар. Арқадан ащы…