Арқаның суық бораны
Арқаның суық бораны Арқадан өтіп барады. Алда тұр қарға малтығып, Азынап құрбан алаңы. Жібімей қатқан мұздары, Қайтпапты қыстың ызғары. Қариды іште өзекті, Қосылып тарих ызбары.
Арқаның суық бораны Арқадан өтіп барады. Алда тұр қарға малтығып, Азынап құрбан алаңы. Жібімей қатқан мұздары, Қайтпапты қыстың ызғары. Қариды іште өзекті, Қосылып тарих ызбары.
Ақпан соңы. Астана. Кесенеде — Арқа аязы есіп тұр еселене. Сәті түсті көрудің, Дәл сол күнге Жазылыпты зиярат пешенеме. Азынаса ақ түтек боран сыртта, Көк сүңгі мұз қатырып қас пен мұртқа. Ішімде де уілдеп ысқырып тұр, Қалшылдатқан қарлы ызғар ала…
Жаңа жыл, Жаңа ғасыр, Жаңа мыңым! Талайы сапырылды бағалының: Жылқыда тасырқамас тағалының, Өзенде тас бұлақты сағалының. Айтары әліде көп Ағалының: Жайлаудың жазда өсетін самалымын. Жайнаңдап жұпар шашар жамалымын, Ашылған раушан гүлдей қабағымын.

Әлди, әлди, ақ бөпе, Ақ бесікке жат бөпе. Әжелерің мерейін Тасыт, көңлін тап, бөпе. Ақ құндағың тұйықта, Үйрен сағат санап, Анаң қолын ұйытпа.
Ауырдым, ауырсам да алпысқа аттап, Бір ғұмыр кітапшасын алпыс қаттап. Гүл жардым алпыс көктем, алпыс жазда, Ажым сап алпыс қыс пен алпыс қатқақ. Күн, түнім ойлы өтті, өнерлі өтті. Өмірден, кітаптан да көрдім көпті. Ал мектеп – ми шыңдаған мектеп…
Ақ жүрек әріптес аз бір қалыпты. Әркімде ақ жем қақтырар шырға мықты. Тік тұрар төбе шашың, жүрек айнып, Көргенде сырғақ жүріс зырлауықты. Қасыңда ол, тасың өрге домаласа. Мәртебе, мереке — сен оған қоса. Жүреді жинасып та жүген-ноқта, Атыңды аржақтан кеп…