Жетпіске жеткендеймін жер түбінен — 2

Жетпіске жеткендеймін жер түбінен — 2 Жетпіске жеткендеймін жер түбінен, Ғұмырдың меңдетпей тек дерті кілең. Қызығын, шыжығын да тең татыппын, Аман қап талай апат, мертігуден. Желге ұшпай, жер де құшпай дедектеппін, Дауылды заманалар екпінімен. Міністі, жетекті де үйірлеппін, Еншілеп екі…

Жетпіске жеткендеймін жер түбінен

Жетпіске жеткендеймін жер түбінен, Зеңітіп ой-ғұмырдың дерті кілең. Шыға алмай шыңына өлең шаршаудамын, Ақ тұнық аңқат қанбай мөлтілінен. Алдымнан аз шықпады әуре-сарсаң, Қиямет қылкөпірі — қайда барсам. Оң қабақ танытқандар өте сирек, Кейбірі сөзге келмей етті торсаң.

Бірінен бірі биік

Жетпіс жас — жеті кезең, жеті дәуір, Желкеме көп жүк артты: жеңіл де ауыр. Жеңілі жел өтінде желпіндірді, Ауыры арқа-жонды етті жауыр. Бірінен бірі биік кезеңдерім, Аямай алдан тосты белең-белін. Тайғақ та қия-құзды қиын жолдар Ернімнің талай көрді кезергенін.

ОСПАҚ (Өкшебасар тұстастарыма)

ОСПАҚ (Өкшебасар тұстастарыма) Әнебіреу сорайған, Мансап іздеп зорайған, Зейнеткерге пайдасыз Сәлем берсін қалайдан?! Әнебіреу тылтиған, Қозы қарны бұлтиған, Жүрген шығар үй кезіп, Бөтелке іздеп қылтиған.

Мазасыз өтті жылдар, өтті айлар

Секілді сел сыпырған топты қойлар, Мазасыз өтті жылдар, өтті айлар. Күйбеңі ошақ басы, от қасының Қол байлап, Жанбай сөнді отты ойлар. Көлденең көк аттыда кете барды Сыбаға маған тиер бақ-талайлар. Ақ қағаз ғылым кенін кемірген күн Азапты таңға айланды бақты…

Ауру дендеп, арқансыз

Ауру дендеп, арқансыз Тар төсекке таңылып, Күн тәртіптен жаңылып, Бармақ шайнап пұшайман, Жатқаным-ай сан ұрып! Қуық тұтпас дертімді, Ішімде жатқан өртімді, Зияда мен ұл-қызым — Бәрі де іштей біледі, Білетіндік белгісі: Мен жататын бөлмеге Аяқтары ұшынан Лыпи басып кіреді.