Метка қазақ зиялылары

Алыптар жолы

АЛЫПТАР ЖОЛЫ Ақ түтекте Көбік қар асатқызып, Ат құйғытып, Әр тұстан қасат бұзып, Қатар-шыққан қазақтың алыптары Өткел, көпір тастапты жасатқызып… Ақылы — көл, дария танығанға, Қайрақтай ой қылпытар жанығанға. Қазақтықты бойыңнан тулатады, Қуат құйып қоп-қою қаны қанға.

Ахмет

Бағына бере салған Бір Жасаған, Риза, қазақ тілі риза саған. Басыңа қалай сыйған сонша дүние? Әулие адамдайсың мың жасаған. Құл сөзден шоқай тартып, таяқ тұтқан, Жасадың ер терминдер жүрек жұтқан. Ғылымның айбарлы азу атаулары Бұраңдап балтырыңды болды Құтпан.