Метка қазақ арыстары

Ахмет

Бағына бере салған Бір Жасаған, Риза, қазақ тілі риза саған. Басыңа қалай сыйған сонша дүние? Әулие адамдайсың мың жасаған. Құл сөзден шоқай тартып, таяқ тұтқан, Жасадың ер терминдер жүрек жұтқан. Ғылымның айбарлы азу атаулары Бұраңдап балтырыңды болды Құтпан.

Шәкәрім

Құнанбай немересі, асыл қаннан, Жарық шам, түтіндемей ашық жанған. Абайдың жан дертімен мең-зең болып, Түнде ұйқы, күндіз күлкі қашырған жан. Абайдың отырса ойы, созса — қолы, Шиыры Шығысқа озған бозша жолы. Сойқанды содырлардан, сұмнан, қудан, У-зәрді аз ішпеген ыдыс толы.