Бұл заманның пысығы
Таза талант мыңнан бір, Жазбай танып құшып қал, Көлегейлер жанында далбаса бар ұшықтар. Далбасамен талантты лайлайды пысықтар, Абай айтқан пысықты алпыс орар пысық бар.
Таза талант мыңнан бір, Жазбай танып құшып қал, Көлегейлер жанында далбаса бар ұшықтар. Далбасамен талантты лайлайды пысықтар, Абай айтқан пысықты алпыс орар пысық бар.
Көзін ашпақ болып қалың наданның, Досы болды әкем кітап, қаламның. Сол әкеміз және алғашқы ауылда Бірі болды мектеп ашқан адамның. Бірі болды ашық көзді адамның, Бірі болды ғашық сөзді адамның. Сол әкеміз ойпыл-тойпыл заманда Ілінгені-ақ нысанасына наданның.
Танды қуа алаулап күн шығары — ақиқат. Шабыт қуса ширығып жыр туары — ақиқат. Сезім құлын желіде жұлқынары — ақиқат. Ноқта қиып желкесін шұрқырары — ақиқат.
Жүректерге жол табар сөз іздеймін, Кейде таңға сарылып көз ілмеймін. Қорқатыным бір Алла, онан кейін, Алла құлын уайымдап безілдеймін… Отан – ордам, ел-жұртым, тағдырласым, Үмітім мен ұятым, балғын жасым, Көз тігеді түгелдей елең қағып, Сырлы, сынды мысқылмен жан құрдасым. …Жалғыз…
О, менің жақсыларым, жайсаңдарым, Қыңбаған қиындардан қайсарларым. Қасқайып қай-қайсың да халқың үшін, Түрмеге түсуден еш тайсалмадың. Қақ жарып қара қылды әділ сөйлеп, Тарттыңдар тас таразға ар салмағын. “Бас кеспек болса-дағы, тіл кеспек жоқ”, Сөз ұстап, сөзде тұру – жар салғаның.!
Нәпсің мен жетелетсін сезімдерің, Асауға ерін салсын төзімдерің. Олжа, ұтыс саған аунап әр тұстан да, Ұстатсын тек тұзы мен көзірлерін. Зор ерлік – нәпсі тыйып, өзін жеңу, Сұлуға сұқ қадайтын көзін жеңу. Құлқынға, ындынға да ынсап сақтап, Ақ, адал адамдыққа…