Бұл заманның пысығы
Таза талант мыңнан бір, Жазбай танып құшып қал, Көлегейлер жанында далбаса бар ұшықтар. Далбасамен талантты лайлайды пысықтар, Абай айтқан пысықты алпыс орар пысық бар.
Таза талант мыңнан бір, Жазбай танып құшып қал, Көлегейлер жанында далбаса бар ұшықтар. Далбасамен талантты лайлайды пысықтар, Абай айтқан пысықты алпыс орар пысық бар.
Көзін ашпақ болып қалың наданның, Досы болды әкем кітап, қаламның. Сол әкеміз және алғашқы ауылда Бірі болды мектеп ашқан адамның. Бірі болды ашық көзді адамның, Бірі болды ғашық сөзді адамның. Сол әкеміз ойпыл-тойпыл заманда Ілінгені-ақ нысанасына наданның.
Үніме қүлағыңды түресің бе? Кеудем жылы ұяшық, кіресің бе? Жұрт оқып түсінуге жолымды ашып, Сен мені тектеп танып білесің бе?
Атамның тұңғышы екен Рақия, Өмірі барлағанға қия-қия. Қырыққа толғанында сол әпкеміз Төркіндеп келе қалды миятына. Қарт ата, қарт енесі — бастағаны. Албанның Әлікені қостағаны. Бәйділда ертіп кепті Әбділдасын — Шолжаңын бес жастағы жас баланы.
Жұматай палуан (Поэма) І Әкесі Есмұхаммет момын адам, Сөз қуып тілін, жағын жанымаған. Үш ұлы жұныттай боп ер жеткенде, Танылды талай жұртқа танылмаған. Үш ұл да еңбек еміп, ерінбеді, Қыл, қылшық, жүн, шуаштан жерінбеді. Кішісі — Жұматайы ерекшелеу: Бетте түк…
Естеудің байлығы — өлең, бақыты — өлең, Жарға сыйлар жүзігі, жақұты — өлең. Саусақтарын талдырып қалам тұтқан, Жарты ғасыр жарға ұрған уақыты — өлең.
Мен барамын өмiр-теңiз өтiнде, Адаcардай ақжал толқын бетiнде. Кiм боларым, не берерiм тұр күтiп, Бейне жартас Сұр сұрапыл шетiнде.