Метка ұлт тағдыры

СӨЗ СИҚЫРЫ

Сөз сиқыры — асау саяқ. Шыға қашып үйірден, Жуытпайды теңжіп бойы, Шалма салар маңына. Жабы өкпесін күйдірген, Барлықтырып болдыртып, Көміп кетер шаңына.

Сөз қадірі

Сөз — сәуле, Күннің нұрын шашыратқан. Тынысы тіршіліктің — Шашу Хақтан. Аймалап бар дүниені жерде, көкте, Нәр сепкен жан біткенге жапырақтан. Сөз — шырақ, Көз алдыңды жарқыратқан. Сөз — бұлақ, таудан суын сарқыратқан. Сөз — теңіз, төлегейін тулататын, Сөз —…

Тіл

Тіл — халықтың негізінің негізі, Көштерінде шаңырақ артар өгізі. Басқыншыдан басын қорғар қаруы, Сегіз қырлы, сексен сырлы өгізі. Тіл — халықтың тірлігінің тірлігі. Қанын, тәнін бұзбай ұстар бірлігі. Тіл — халықтың жанын көрер айнасы, Ардай таза аппақ шаңқан кірлігі.

Тіл маманы

Тіл маманы бірі едім торығулы, Түйтіңдеген үмітсіз, зорығулы. Ашылды өріс, алдымнан кеңістіктер, Доғарайын қысылып қорынуды. Көтерейін еңсемді төмендетпей, Көк дөненім терін ап, көбеңдетпей. «Өнер алды — қызыл тіл» деп кесеткен, Ата сөзі арнасын бөгендетпей.

ҚАТ-ҚАБАТЫ ЭФИРДІҢ…

ҚАТ-ҚАБАТЫ ЭФИРДІҢ… Қат-қабаты эфирдің қай тілдерде қақсайды? Саңқылдамай міңкілдеп қай тілдерде ақсайды? Қайсы дидар, қайсы көз шарасынан шақшайды? Қайсы мойын қалтақтап, қайсы мойын қақшайды? Міне бұған ой салмай кімдер бейғам қалғымақ? Қайсы қазақ отырмақ мойны астына салбырап? Қайсы қазақ шаршамақ…

Қадіріне жеттің бе?

Қадіріне жеттің бе уақыттың, әр сәттің? Сарсаң оймен сабылтып жүйке-көлік шаршаттың. Күн қыздырды төбеңнен, бауырыңнан Жер Ана, Терлеп-тепшіп балбырап көктемдегі қарша ақтың. Қадіріне жеттің бе бойда қуат бар Шақтың? Той-думан мен қыз-қырқын дырдуына қарсы ақтың. Бас жарғызып сойылға, Байтөбетке таланып,…