СӨЗ СИҚЫРЫ
Сөз сиқыры — асау саяқ. Шыға қашып үйірден, Жуытпайды теңжіп бойы, Шалма салар маңына. Жабы өкпесін күйдірген, Барлықтырып болдыртып, Көміп кетер шаңына.
Сөз сиқыры — асау саяқ. Шыға қашып үйірден, Жуытпайды теңжіп бойы, Шалма салар маңына. Жабы өкпесін күйдірген, Барлықтырып болдыртып, Көміп кетер шаңына.
Тіл — халықтың негізінің негізі, Көштерінде шаңырақ артар өгізі. Басқыншыдан басын қорғар қаруы, Сегіз қырлы, сексен сырлы өгізі. Тіл — халықтың тірлігінің тірлігі. Қанын, тәнін бұзбай ұстар бірлігі. Тіл — халықтың жанын көрер айнасы, Ардай таза аппақ шаңқан кірлігі.
Тіл маманы бірі едім торығулы, Түйтіңдеген үмітсіз, зорығулы. Ашылды өріс, алдымнан кеңістіктер, Доғарайын қысылып қорынуды. Көтерейін еңсемді төмендетпей, Көк дөненім терін ап, көбеңдетпей. «Өнер алды — қызыл тіл» деп кесеткен, Ата сөзі арнасын бөгендетпей.
Армысыңдар, ағалар, от кешкендер! Ақ тәндерін боршалап оқ тескендер. Армысыңдар, ағалар, ардагерлер! Ар сыналған жылдарда от кешкендер. От кештіңдер, қып-қызыл шоқ кештіңдер! Аяр жаумен аянбай өштестіңдер. Көзін жоймай гитлершіл жендеттердің. Беттен қайту, бел шешу жоқ дестіңдер.
Дос, туыстық жол ашып, Білім іздеп барасың. Нарт жомарттай қолы ашық. Оң, солыңды шоласың. Талап, еңбек жаратып, Көкпарға еніп кетесің. Адамдықты мәре етіп, Ар-ұятппен өтесің.
ҚАТ-ҚАБАТЫ ЭФИРДІҢ… Қат-қабаты эфирдің қай тілдерде қақсайды? Саңқылдамай міңкілдеп қай тілдерде ақсайды? Қайсы дидар, қайсы көз шарасынан шақшайды? Қайсы мойын қалтақтап, қайсы мойын қақшайды? Міне бұған ой салмай кімдер бейғам қалғымақ? Қайсы қазақ отырмақ мойны астына салбырап? Қайсы қазақ шаршамақ…