Көңіл пейіш еткені.
Балдызым Гүлшираға. Ақын жанды балдызым ақ халатты, Дару қолды дәрігер бақ, талапты. Шабытымды таратып шар тарапқа, Жездесіне Зайсанда ат жаратты.
Балдызым Гүлшираға. Ақын жанды балдызым ақ халатты, Дару қолды дәрігер бақ, талапты. Шабытымды таратып шар тарапқа, Жездесіне Зайсанда ат жаратты.
Ашық-жайлы таңында октябрьдің Қырқадағы-ауылдан атқа міндім. Әбдкерім, Сұраубай жолдасым боп, Оқу деген қойны ыстық жолға кірдім. Әсейіннен таныдым төңеректі, Бұқара мен Байбазар өнер екті. Қазақша да ұйғұрша, өзбекше… Қолтықтатты кітаптар кереметті.
До свидания, қолың бер жүңгөлік дос! Кетіп барам еліме көңілім хош. Жалын алдым жаныма дәл өзіңдей, Тең ұсынып қолыма өмірім дес. Ұлар етін жегендей Ұлы таудан Мен Жүңгөні, достарым, ұмыта алман. Бірге өстім сендермен, бірге күлдім, Бірге таптым ортақ жол,…
Достарым аз емес-тін, мұраттасым, Ақтаған ақ пейілін жырақта шын. Шақта да қиын-қыстау тергелетін, Ақ сөзден айнымаған сұрақтасым. Кейі оның — жыр жазарда пікір қосқан, Бөліскен ой-сезімін сұрақтасым. Кейі оның — тайды қатар үйретіскен, Қонысы, өрісі бір тұрақтасым.
Азырақ ағайынға айтар назым: Көңілім қоңыр күйдің тартты сазын. Елу жыл еңселігін жыр жүгі езген, Бұл Естеу сымпылдатты аққу, қазын. Қаз қойқаң, үйрек байпаң, аққу саңлақ, Сақ жүзді тыныш қоныс, айдын таңдап. Кім кепіл тұрмағанға қанға жерік Сұр мерген қарауылға…
ҚАНДЫ ТАСҚЫН (поэма) Шиңжаңдық ақын досым, Такламакан шөлiнде сүргінде жүрiп, тасқыннан қаза тапқан марқұм Жекібаев Тоқтарханға ескерткiш. 1. П Р О Л О Г Мен бақытты алғам жоқ қолдан құрап , Не жалбарып аспанға зордан сұрап. Бердi маған оны үшеу:…