Метка достар

Бөлекше тұстасынан

(Батыр, ер Рахымжан ағаға) Шәпету , сары жігіт, өңі ашаң, Ырғайдай , тіп-тік түзу және жасаң. Аз сөйлеп, көп тыңдайтын дегдар, бекзат, Деп түйген: “Айтқан сөзден айнымасам”. Сол дітін нықтап тұтқан өмірінде, Жатқан шоқ жайнап оттай көңілінде. Оққа ұйтқан жаудың…

Аппақ аға

(Кеңес Одағының Батыры Р.Тоқатаевтың 80 жасына) Ассалаумағалайкум, аппақ аға! Жұрттан ерек жаратқан Хақтағала. Денеңізді шап-шағын пішсе-дағы, Жау жүрек қып жасаған баққа бола. Қара жерге сызғылап жара-шиыр, Қаптаса да анталап қара «Тигр», Аспай-саспай сабырмен ес тоқтатып, От қаптыра өртедің танкіні үйір.

Мінезі, бітісі бөлек батыр

(Кеңес Одағының Батыры Р.Тоқатаевқа) Мінезі бөлек, Бітісі бөлек батырсыз. Атаққа әр кез Дандаймай келе жатырсыз. Көрер көз болса, Айдыны шалқар теңіздей, Тұңғиық тұнған Тау толқын терең ақылсыз. Мінезі бөлек, Бітісі бөлек ағасыз, Иланғыш, сенгіш, Ерекше нанғыш дарасыз, Қалтарыс тұтпас Ашықсыз…

Жерлессің, замандассың, сыйлассың да

Жерлессің, замандассың, сыйлассың да, Бірісің етене ескі қимастың да. Тілеулес істер істеп тілеулеске, Достарың достарыммен миластың да. Базарлы, бапты ұстап көңіл құсын, Болса да созысқан күн қолдың ұшын. Дос-жарды, таныстарды көбейтуде, Сенің көп бізден дара оқшау тұсың.

Бұқара Тышқанбаев әруағымен тілдесу.

Естімей бір мадақ сөз мейір қанды, Кеттің көрмей жақсы күн, жақсы таңды. Тигені жоқ сыбағаң, толық еншің, Өткізсең де басыңнан талай даңды. Ұзақ аңыз кешірген — арғың, бергің, Тарғалаң жол, тар кезең ауғын, келгін… Сонда да сен «Қасен мен Жәмиладай»…

Хамит Ерғалиев

Хамаңа

Шабытын шарқ ұрғызды Хамаң ақын, Жайраң көз жарылқады жамағатын. Шығандап шықты алға, кейін тастап, Сан жүйрік ақындарды шаба алатын. Тұғырын ақындықтың биіктетті, Дастанды, лириканы үйіп-төкті. Иіріп оңқай асық сақасындай, Сегіз қыр, сексен сырлы сүйікті етті.