Жақсы сөз жан семіртер, сергітер де.
Жақсы сөз жан семіртер, сергітер де, Көңілді шүйгітер де өр күтерге. Тұс-тұстан құлындатып, шұрқыратып, Жібек жал сайгүлік ой өрбітер де.
Жақсы сөз жан семіртер, сергітер де, Көңілді шүйгітер де өр күтерге. Тұс-тұстан құлындатып, шұрқыратып, Жібек жал сайгүлік ой өрбітер де.
Өлшейді бақас немен салмағыңды? Зейілмен тану қайда ер жағыңды? Іздейді ілігінді, шатысыңды, Сан сала тамырыңда тармағыңды.
Жігіттер, пайда — бедел қасықтаған, Арлылық, адалдықтан қашықтаған, Сендерден әділетсіздік көрген күні Ас батпай, ұйқы көрмей қажып қалам.
Абайша 😉 Жасымда қулық бар деп ескермедім, Пайдасы бар ма, жоқ па, тексермедім. Есейгенде енбеді — ми қатты ма? «Қолымды мезгілінен кеш сермедім». Икемсіз қалуыма кім кінәлі? Жаттықсам суайттыққа өстер ме едім?!
Ақ шуақты жап-жарық жан сарайым, Жыр маздатты қанша жыл, қаншама айым?! Деміктірмей иіннен, солықтатпай, Арқалатты зіл батпан қаншама уайым. Көз ашқаннан лақтыртып, ұмыттырды, Деген ойды : пұл тауып, мал санайын. «Өлең отын жағайын, шаршамайын, Ой отынын тасиын аршадайын» Дегізді де…