Метка туған жер

Соғыс ардагерлеріне

Армысыңдар, ағалар, от кешкендер! Ақ тәндерін боршалап оқ тескендер. Армысыңдар, ағалар, ардагерлер! Ар сыналған жылдарда от кешкендер. От кештіңдер, қып-қызыл шоқ кештіңдер! Аяр жаумен аянбай өштестіңдер. Көзін жоймай гитлершіл жендеттердің. Беттен қайту, бел шешу жоқ дестіңдер.

Қырықтың бірі — Қызыр.

Қырықтың бірі — Қызыр. («Білгенге— маржан, білмеске— арзан» сөз) Қызыр, Қыдыр — бір есім. Біреулер пайғамбар десе, біреулер әулие дейді. Ислам діні тарихында аталатын пайғамбарлар тізімінде Қызыр есімі кездеспейді. Соған қарағанда әулие деп түсіну дұрыс секілді. Көз көргендерден әңгімелесем: ауыл…

Жебеушім

Бойға күш, ойға қуат ес беретін, Састырмай сабырыма сес беретін, Кез келген көлігіне мінсем, түссем, Дем берер жебеушім бар дес беретін. Сақтады Ол таудың селі тасқыннан да, Дүрліккен дүрбелеңді басқыннан да. Сақтады Ол арашалап ауыр дерттен, Жібермей құрықтауға, асқынғанға.

Қуғын-сүргін құрбандары кесенесінде

Ақпан соңы. Астана. Кесенеде — Арқа аязы есіп тұр еселене. Сәті түсті көрудің, Дәл сол күнге Жазылыпты зиярат пешенеме. Азынаса ақ түтек боран сыртта, Көк сүңгі мұз қатырып қас пен мұртқа. Ішімде де уілдеп ысқырып тұр, Қалшылдатқан қарлы ызғар ала…

Жаңа жыл, жаңа ғасыр

Жаңа жыл, Жаңа ғасыр, Жаңа мыңым! Талайы сапырылды бағалының: Жылқыда тасырқамас тағалының, Өзенде тас бұлақты сағалының. Айтары әліде көп Ағалының: Жайлаудың жазда өсетін самалымын. Жайнаңдап жұпар шашар жамалымын, Ашылған раушан гүлдей қабағымын.