Қыз-Тасына қиялап
Қыз-Тасына қиялап, Өрмеледі өңкей жас. Барда қуат-тиянақ, Таямын деп қорынбас. Бұрғыдайын бұралған, Оратылған ұңғы жол . Бұйрық болып Құдайдан, Ұқсап қапты жыланға ол.
Қыз-Тасына қиялап, Өрмеледі өңкей жас. Барда қуат-тиянақ, Таямын деп қорынбас. Бұрғыдайын бұралған, Оратылған ұңғы жол . Бұйрық болып Құдайдан, Ұқсап қапты жыланға ол.
Табжылмас та аттамас, Текше-текше тақта тас . Маңқиып тұр көл кешіп, Маңында жоқ бақталас. Қыз-Тасы — ер сақшыдай, Дара тұлға жақсыдай. Тасыр, түлей мәңгүртке Шайқы-бұрқы бақсыдай.
Қаздитып тіктеп бойын, түзу өскен, Көк сүзген, бірін-бірі күндеместен. Кеңдікпен, кемелдікпен кербезденіп, Нұр, нәрді тең бөліскен қың деместен. Ұмтылған Күнге қарап, Айға қарап, Солқылдақ балашықтар бойлаған-ақ. Сыбызғы, сырнай басым күйі сазды, Сырбаз-ақ самырсындар сары балақ.
— Жаяуласаң,- омбылайсың белден қар, Машиналың ақырын жүр, жолды аңғар. Сақтаныңдар қарттар менен сәбилер, Құлақ түсір, қымтаныңдар тоңғандар…
Без бүйрек табиғаттың бермесіне Көз сүзіп, түртінбекпін мен несіне? Аламын аларымды аңырмай-ақ, Аял жоқ ат байларға кермесіне.