Жер үйде туылыппын
Жер үйде туылыппын, Аласа өңшең. Ішікке құндақталып қара сеңсең. Уызға мөлтектетпей қосын қайдан, Абысын қос ананы жанаса емсем?!
Жер үйде туылыппын, Аласа өңшең. Ішікке құндақталып қара сеңсең. Уызға мөлтектетпей қосын қайдан, Абысын қос ананы жанаса емсем?!

Мешін жылы ақпандатқан, Ақ түтекте туыппын. Ақ құндақта сезе қоймай, Не екенін де суықтың. Ауғын атам қуаныпты, Шаңырағына шайқалған. Шаншылатын болғанына, Үміт тірер уықтың.

Аналарға арнау Анасыздар, әр үйге панасыздар, Бала десе от болып жанасыздар. Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып, Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар. Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар — Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар. Маздататын, жүректе от лаулататын, Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар.
Маған кім жол үйреткен, жоба үйреткен? Табуды із жаза баспай көп иректен. Нөсерде сүметілсем не жаңбырда, Ың-шыңсыз құрғатынып кебуге өппен.
Етікші жәкем Шүлембай (Баллада) Үш қызға, ұлға зор әке, Ауылдық аты — Шоң жәке. Иесі қара шаңырақтың, Сүт кенже баба Дәкеге. Беделдің мықты көкесі, Кімге де алды кең кісі. Шүлембай десе үлкендер, Етікші дейтін тең тұсы.

Сабын сәндеп ораған сары жезбен, Ақ күмістеп безеген моншақ көзбен. Сезімдерді тіл жетпес зергерлікпен Сөйлетуді сәулеттеп сергек сезген.