Апталған алтындай шұғылалы шаңырақ, Төбеде жайнайды Күн Сәуле жамырап… Дейтіндей Елтаңба егемен Еліме: — Бас қамшы, қанатты арғымақ аңырат! Шаңырақ шайқалтпас уық та, Кереге, босаға…
Ырыскүл мен Мұхсина — келіндерім, Ене көріп тон пішкен керімдерім. Табасыңдар әр тілін кәрі, жастың, Алдарыңда сый, иба төріндемін. Ұнаса, бөлісе отырыңыз
Ермек, Еркін, Ерлан, Беглан — қанаттарым, Жас топшылы құстарым, жанаттарым. Бір жүргенге туыстар не жетеді?! Сыйлар ағаң тұрса алда — санаттарың. Ұнаса, бөлісе отырыңыз
Армысың аға, іні туысқандар! Бет кірін бір бастауға жуысқандар. Тебісіп тай-құлындай жұғысқандар, Бір қарап қас-қабақтан ұғысқандар. Ұнаса, бөлісе отырыңыз