Метка намаз

Мешіттегі мінәжат

Мешітің құтты болсын, мұсылмандар , Құлшылық үйін жасап ұсынғандар ! Парызды ада етудің жолын ізде, Таубадан жаңылмастық тұсыңды аңғар. Берік бол исламыңның әміріне, Жат діннің төзе көрме жәбіріне. Қаза етпе, уақтында оқы бес намазды, Құлақ түр азаныңның әр үніне.