Бақ қызырлы құт мекен
Кітапхана – қазына, Тегін білім кеніші. Кәріңе де жасыңа Есігі ашық, кең іші.. Кітапхана – дария, Тұңғиықтар кернеген. Қанша ақса да жария, Аспайды арна-ернеден.
Кітапхана – қазына, Тегін білім кеніші. Кәріңе де жасыңа Есігі ашық, кең іші.. Кітапхана – дария, Тұңғиықтар кернеген. Қанша ақса да жария, Аспайды арна-ернеден.
Әр шәірттің әр қиялы — Жер Серік. Кеңістікте кетпей қалғып теңселіп, Хабар-ошар қабылдайды белсеніп, Ми-ортаға жеткізеді еңсеріп. Әр шәкірттің әр қиялы — бір атан. Мен шәкірттің қиялшылын ұнатам. Қиялға жүк іздесе егер жүз атан, Катепті нар керуен тізіп ұзатам.
СЫПАТАЕВ МӘЖЕН ӨТЕМІСҰЛЫ ЖАЙЫНДА Мәженмен алғаш І946 жылы күзде Құлжа қаласында Ұлттар гимназиясында таныстым. Сыныбымыздағы 3О шәкірттің үштен екідейі ересек жігіттер болатын. Тіпті Жыңдағы, Шихудағы гоминдаң әскерлерімен болған соғысқа қатысып қайтқан, әскери гимнастиркасымен жүргендер де аз емес-тін. Ағзамбай, Шалғымбай, Жұмақын…
МҰҒАЛІММІН (поэма) 1. Уақытқа наз Мұғаліммін мазасыз білім десе, Көз майымды тауысты күнім неше. Рахат тауып қалар ем бұл шақта да Түн бойы оқып кірпігім ілінбесе…