О, менің жақсыларым, жайсаңдарым
О, менің жақсыларым, жайсаңдарым, Қыңбаған қиындардан қайсарларым. Қасқайып қай-қайсың да халқың үшін, Түрмеге түсуден еш тайсалмадың. Қақ жарып қара қылды әділ сөйлеп, Тарттыңдар тас таразға ар салмағын. “Бас кеспек болса-дағы, тіл кеспек жоқ”, Сөз ұстап, сөзде тұру – жар салғаның.!