Барша түрік баласы
Барша түрік баласы – Бейне қолдың саласы. Бірге туып, бірге ескен, Болмай көңіл аласы. Алтай таудың дарасы, Алатаулар арасы – Ата қоңыс қут мекен, Қымыз толы сабасы.
Барша түрік баласы – Бейне қолдың саласы. Бірге туып, бірге ескен, Болмай көңіл аласы. Алтай таудың дарасы, Алатаулар арасы – Ата қоңыс қут мекен, Қымыз толы сабасы.
«Адам күні адамменен» деген сөздің мәні не? Бір сом беріп, бес сом алар саудагердің әні ме? Ісі түссе, көлеңкеңдей қасыңнан еш қалмайтын, Ісі бітсе, із салмайтын жылпостықтың сәні ме?
Отан — үйім, босағам, шаңырағым. Ошағымнан әуресіз табыламын. Ойнақтайды құлын, тай өрісімде, Құлын,тайды — сырт кетсем — сағынамын.
Жолдастының күші көп, айласы да, Ағыл-тегіл қоналқа ай басына. Кезек күтпей әр ісі оңға басып, Шешіледі не түйін пайдасына.