Yerzhan Nussipbekov

Yerzhan Nussipbekov

Марқасқасы ғасырдың

(Академик Қ.Сәтбаевтың туғанына 100 жыл толуына) Марқасқасы ғасырдың, Ақыл-ойдың саңлағы. Дүбіріне үн қосқан жаңғырығып жан-жағы. Келген, жортқан екпіні желпіндіріп мезгілді. Тау жапырып, тас езген болат тұяқ салмағы. Соқпақ салған соныдан көрегендер көсемі. Таңдайынан бал тамған ділмәрлардың шешені. Арасынан алыптар Құрықталмай,…

Үлкен Мұхтар

Деді әлде, демеді әлде еленейін, Кернеді керім өнер өне бойын. Еңсерді қой асықтай қолда ойнатып, Азия, Европаның өрен ойын. Сара сөз саңлақтардың көп кезінде, Дара көк даналардың тек кезінде. Уызы шын жарыған бекзат болды, Көркем ой керегесін көктесуге.