Метка өкініш

Таудай талап берген тағдыр, япырай.

Таудай талап берген тағдыр, япырай, Ең болмаса бақ бермепті тарыдай. Өксіді өмірім, өсек-қаншық із кесіп, Еңбекке сай сыбағама жарымай. Өкпелеуге хақым жоқ па өмірге?! Әлде менің жүйке жүйем темір ме? Әлде жүйкем-жүн, болмаса киіз бе? Кожекедей күйгем жоқ па көмірге…

Ініге

Басынан бұл ағаңның не кешпеді? Көп дұшпан көре алмаған не деспелі ?! Ұқсайды керуен жолға арттағы інім, Боздатып боз інгенін ел көшкені. Атадан қаттап жиған естігенін, Сезімін тізгіндеген есті де едім. Өмірдің даңғылына шығармады, Жолымды жолсыздықтар кесті менің.

Тұлпар тұғыр болмай ма шаппаған соң

Тұлпар тұғыр болмай ма шаппаған соң, Шүңет ойың — шұқанақ, ақпаған соң.. Желген озар қайтсе де жол жорғадан, Жол жорға озар жатқаннан, жатпаған соң. Жол жорға да жүлде алып бара жатыр, Ал шапқандар жүйрік боп қалады ақыр. Желген сайын желгендер…

Абайша

Абайша 😉 Жасымда қулық бар деп ескермедім, Пайдасы бар ма, жоқ па, тексермедім. Есейгенде енбеді — ми қатты ма? «Қолымды мезгілінен кеш сермедім». Икемсіз қалуыма кім кінәлі? Жаттықсам суайттыққа өстер ме едім?!