Бисмилляхи Рахмани Рахим

Фатиха сөресі

Бисмилляхи Рахмани Рахим!
Болар ма екен Аллахқа енді сыйым?!
Иір-шиыр өмірге өкінішпен,
Ниет, ындын, нәпсіме салдым тыйым.
Таупих үйім – мешітім, жұма жиын.

Оятады ұйқымнан азан сергек,
Қыбыламды бес мезгіл намаз мегзеп.
Аяқталса қол байлау үйдегі ермек,
Құран, дұға оқимын иман зерлеп.
Әруақтарға сауабын берегөрлеп.

Түгенделсе, бекісе осал жағым,
Бір Аллахтың білемін хош алмағын.
Көктем сеңі тәріздес мұз сіреудің
Сындырды ырғап тоңдарын, тосаңдарын,
Ғажап деші құрсаудан босанғаным.

Бақыттылық – құрсаудан құтылғаным,
Аз емес-тін жоғалтқан, ұтылғаным.
Қара сайтан Құбыжық құрық салып,
Нәпсі құлы құлқынға тұтылғамын.
Аллах кешсін, тәуір-ақ құтырғамын.

Нұрлы иманнан кенде емес әкем бағы,
Нұрлы иманнан кенде емес шешем жағы,
Мен құлаған тамұққа қай-қайдағы…
…Ақын көңіл айтқызды айтпас сырды,
Жан құлпымды ашпайын десем-дағы…
© Естеу Нүсіпбеков

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Один ответ к «Бисмилляхи Рахмани Рахим»

  1. Атамның “Бисмилляхи Рахмани Рахим!” деген жыр жолдарын оқи отырып, Мұхаммед пайғамбарымыздың хадисін ұрпақтарымыз үшін ғибрат болсын деп, жазуды ұйғардым.
    1. Құлқынның құлы болып, жолдан таюдан.
    2. Нәпсіқұмарлыққа салынып, лас істерге ұрынудан.
    3. Ілім-білімі мол бола тұрып, қаранғы наданның ісін істеуден сақта деп Алладан күні, түні сұраймын.
    Мұқсина Естеукеліні

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

9 − 3 =