Аналарға арнау

Аналарға арнау

Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар —
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар.

Өр десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Төр десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді, — лайықсыздар.

Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.

Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.
© Естеу Нүсіпбеков

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

65 ответов к «Аналарға арнау»

  1. Анашым аппақ арым сен болмасаң жоғал ғандай менин барым

  2. Мама мамочка я тебя очень очень люблю

  3. Ана деген үш әріптен тұратын сөзде қаншама құдірет, қасиет бар десеңізші.Айналайын анашым сіздің рухыңызға өмір бойы басымды иіп өтемін

  4. Аяулы анашым! Сізді 7қыркүйек аналар кунімен шын журектен куттыктаймын!

  5. Анашым сизди 8-наурыз мерекенизбен құттықтаймын! Сізге зор денсаулық, мол бақыт тілеймін. Өмірде бақытты болыңыз. Жүзінізден ешқашан күлкі кетпесің.

  6. Аналарды ардақтайық әрдайым! Анашым алладан өміріңіздің манди де сәнді болуын тилеймин! Әрқашан жанымызда бол!

  7. Мамулечка, роднулечка,
    Моя ты красотулечка,
    Спешу тебя поздравить
    Я с праздником весны!
    Пусть в жизни все наладится,
    Морщинки пусть разгладятся,
    Здоровье пусть прибавится
    И сбудутся мечты!
    Ты нежная и славная,
    Ты в нашем доме главная,
    За ласку и терпение тебя благодарю.
    А чем тебя порадовать,
    Не нужно мне отгадывать,
    Ты ценишь лишь внимание,
    Неважно, что дарю!

  8. Қымбаттым,айналайын ак мамам! сізді 8 ші наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!Анашым ешқашан қартаймаңыз!Деніңіз сау болсын!Балаларыңыздың қуанышын көріп ортамызда бақытта ана болып жүре беріңіз!Ұзақ өмір тілеймін!АНА- қандай ғажап, керемет сөз!3 ақ әріптің астарында көп мағына жатыр.Ағамыздың өлең жолдары барлық аналарға арналып керемет жазылған!

  9. Мама!жүрегімнің бір бөлігі,өмірімнің мәні!мен сені қатты жақсы көрем!Әрдайым жанымда бол!Алладан сенің бақытыңды тілеймін!

  10. барлык аналарга улкен денсаулык мол баилык тилеимин барлыгына РАААААААААХМММММММММММММММММММММММММММММЕТТТТТТТТТТТТТТТТТТ!!!!!!!!!!!!!!!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

16 + четырнадцать =