Абайды іздеу – бақыт

Бақыт қой – Абайға ұқсау, Абайды іздеу,
Ақ жарқын сенімдерден күдер үзбеу.
Шығысқа Батыс ойын жалғастырып,
Ақыл, Қайрат, Адамдық жолын түздеу.

Түздейік қайратты ақыл жолын біздер,
Әрқайсың Абай болып келіңіздер.
Алайық Шығыстан да, Батыстан да,
Табайық білім кенін, жөнін іздер.

Аз біліп, арзан сөзбен көпірмейік,
Аз оқып, оқымай да лепірмейік.
Сүңгиік тереңіне теңіз ойдың,
Абайдай есейгенде өкінбейік.

Қазақта Абай біреу, абайшыл көп,
Ешкім жоқ Абай болған солардан дөп.
Десе де айтып жүрміз Шәкәрімді,
Өнері, ой өрісі жақындау деп.

Сол Шәкең Абайға ұқсап өксіп өтті,
Алысып надан жұртпен кекті кетті.
Қанды қол Қарасартов деген сұмнан,
Қапылыс қапияда мерттік жетті.

Қалған сөз сол Шәкеңнен: «Жол табайық»,
Арам айла зорлықсыз мол табайық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік,
Данышпан бір білімді жан табайық.

Ал енді, олай болса, кімді алайық?
Қазақта қай жақсы бар көз саларлық.
Табармыз, шын іздесек, шыны ғалым,
Абайға жалынайық, жүр, барайық.

Сол сөзді бізде айтамыз жүз жылдан соң,
Заманда мұз жүректен жібіген тоң.
Абай мен Шәкәрімді қайта оқиық,
Даңғылға қазақ көшін түзегенде оң.

Естеу Нүсіпбеков.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

12 − один =