Естеу Нүсіпбековке арналған сайт

Қонақкәде

Өз пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төмендегі форманы толтырыңыз.

6 комментариев

  1. Тілім-ұлттың қорғаны,Тілім үшін
    Ақыл,қайрат тең тұтып толғанайын-деп бар өмірін Қазақ тілін дәріптеумен өткен Естеу ағайымызды осындай күздің шуақты күндері, ұстаздар мерекесі қарсаңында еске аламыз.
    Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
    Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
    Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
    Азбайтұғын адамның алтындығы –
    деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан,қайырымдылықты қару еткен,тектілікті ту еткен Естеу ағайымнан дәріс алғаныма мақтаныш етемін. Жолын қуып тіл маманы болғаныма ерекше ризашылығын білдіріп,батасын берген ағайымды ешқашан ұмытпаймын.
    2014жыл. Атырау қ Х.Досмұхамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы,Педагогика ғылымдарының магистрі

  2. Сайтты алғаш рет оқып отырмын. Өте қызықты, мағыналы екен. Әлем торға әкесі туралы естелік жасаған баласы Ержанға көп рахмет!

  3. 2012-2013 оқу жылында Р.Тоқатаев атындағы орта мектебінде ақын, ұстаз, журналист болған марқұм Естеу Сабырбекұлы Нүсіпбековтің 80 жасқа толуына орай “ Ғұмыр-дария ” атты поэзиялық кеш өткізілді.
    Кештің мақсаты — Е.С.Нүсіпбековтің ақындық, ұстаздық, жолын ұрпаққа таныстыру, шығармашылығын талдап оқу, ары қарай зерттеуге талпындыру.
    Кеш қонақтары – ақынның зайыбы Зияда апай мен қыздары Айжан мен Маржан, ақынның замандас-тұстары атынан қатысқан ардагер ұстаз Шолпан Жолдасбекова апай және қаламыздағы Абылайхан орта мектебінің директоры – Илияс Изенбайұлы Қатубаев. Мектеп директоры Қази Нағашыбайұлы Искаков және мектеп әкімшілігі, мектеп ұстаздары, мектеп оқушылары.
    Кешті ұйымдастырушы – Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Естеу Нүсіпбеков атындағы кабинет меңгерушісі ұстаз –Сара Сағымбекқызы Смаилова.
    2012-2013 оқу жылындағы Естеу Нүсіпбековтің атындағы балалары тағайындайтын стипендия — сыйлық ретінде берілді.
    Естеу Нүсіпбеков ұрпақтары тағайындаған сыйлық иегерлері туралы мәлімет:
    Бас сыйлық – 6а сыныбы оқушысы Нысанова Әсем –
    1.Оқу үздігі, “ Мұқағали оқуларында ән номинациясы бойынша II орын иегері, Естеу ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқудың жеңімпазы.
    “ Ғұмыр-дария” поэзия кешін жүргізуші
    2-сыйлық (ұялы телефон) – 7а сынып оқушысы Нұрлан Әбілда
    1.Оқу үздігі
    2. Қазақ тілі, әдебиеті аудандық олимпиаданың Райымбек айлығында I орын
    3.Құзға өрмелеуден облыстық жарыста I орын
    4.Естеу ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқудың жеңімпазы
    5. Ақынға арнаған өлеңдер топтасының авторы.
    6.Ақынның “Қанды тасқын” поэмасының негізінде жазылған “Қанды тасқын” күйін шебер орындаушы
    7. “Е.С.Нүсіпбековтің ақындық қыры, журналистік сыры” атты ғылыми-зерттеу жұмысының авторы.
    8. “ Ғұмыр-дария” поэзия кешін жүргізуші
    3-сыйлық Тұрсынбай Мағжан (ұялы телефон)
    1) Оқу үздігі
    2) “ Мұқағали оқуларында ән номинациясы бойынша II орын иегері
    3)Ақынның “Қанды тасқын” поэмасының негізінде жазылған “Қанды тасқын” күйін шебер орындаушы
    4) “ Е.С.Нүсіпбековтің ақындық қыры, журналистік сыры” атты ғылыми-зерттеу жұмысының авторы.
    5) “ Ғұмыр-дария” поэзия кешін жүргізуші

  4. мен бул сайтты биринши рет окып отырмын. Сайт туралы Муксина апа айтып еди. Шындыгында оте тамаша екен. Дуниеден озса да олендери актуальный екен. «мугалиммин» деген поэмасы оте керемет. Балаларынын Акесине жасаган енбегине алла разы болсын! аса улкен курметпен Гульнара корши.

  5. Маған Естеу Сабырбекұлы Нүсіпбековтің сайты өте ұнады, және де өзіме керекті мәліметтерді де таптым. Мен Р.Тоқатаев атындағы орта мектепте 9 жыл білім алдым және осы Естеу ағайға арнап бізге естелік ретінде оның жанұясы жасаған сыныбы менің екінші үйімдей боп ыстық. Ол сыныпта оның бүкіл кітаптары, еңбектері жинақталған. КөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөП рахмет!!!

  6. Ел ішіне ірткі салмай, бүгінде ұйып отырған ШОҒАН АБЫЗДЫҢ ұрпақтары өсіп-өніп, көгеріп-көктеп гүлдей жайнап, тамыры терең бойлаған, алдына сан мың маңғыртқан малын айдаған, батырын хан сайлаған, қанжығасына олжасын байлаған, ұрпағының қамын ойлаған, Алатау мен Хан тәңірінен бастап, Іленің бойын жайлаған Руы мықты ел болсын! Ел болғанда жай бір қабырға-омыртқа емес, қайыспайтын бел болсын!

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *