Естеу Нүсіпбековке арналған сайт

2007 жыл

2007 жүргізілген еске алу кешінің бағдарламасы

2007 жылғы еске алу кешінің бейнематериалдары:

http://www.yesteu.kz/2010/12/esteu-nusipbekov-2007-01/

http://www.yesteu.kz/2011/01/esteu-nusipbekov-2007-02/

http://www.yesteu.kz/2011/01/esteu-nusipbekov-2007-03/

http://www.yesteu.kz/2011/01/esteu-nusipbekov-2007-4/

2007 жылғы “Естеу Нүсіпбеков” стипендиясының иегері

Р. Тоқатаев атындағы орта мектептің  8 «А» сынып оқушысы

Нағашыбаева   Аяулым Қазиқызы


Өмірлік ұстанымым:

Ей, тәкаппар дүние,

Маған да бір қарашы.

Танисың ба, сен мені,

Мен-қазақтың баласы!

(Қ. Аманжолов).


Мен ұстанған бағыт:

«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екендігін ұмытпа!»   (Н. Назарбаев).

Менің арманым


Мен кішкентай кезімнен-ақ дәрігер болуды армандайтынмын. Ал аңсаған арманыңа жету үшін алдыңа белгілі бір мақсат қойып, сол мақсатқа жету жолында қолыңнан келгенін істеуге тырысуың керек. Мінеки, сол себептен мен өз алдыма:

1)мектепті алтын белгімен бітіру;

2)жоғарғы оқу орнына түсу;

3)оқуымды бітіргеннен кейін белгілі  салада білікті маман болып, еліме қызмет ету, -деген мақсатты қойдым.

Осы кезде мақсатымның  бірінші кезеңіндемін. Мен біріншің сыныптан бері беске оқып, мектептегі, аудандық, қоғамдық, ғылыми іс- шараларға, пәндік сайыстарға белсене араласамын.

Менің мақсатым: үлгілі және тәрбиелі алдыңғы қатарлы оқушы және еліме, халқыма қажетті маман иесі болып қызмет ету.

«Білгің келсе, зертте мені»


Ақын, ұстаз Естеу Нүсіпбеков Сабырбекұлының еске алу шығармашылық кешінде мен ақын шығармашылығына  арналған алғашқы зерттеу жұмысымды қорғадым. Ақын өлеңдерін талдай отырып, ондағы жаңашылдық пен басқа ақындардың еңбектерінен ерекшеліктерін, ұлы ақындармен үндестіктерін тауып, ақынның еңбектерінің мәні мен мазмұнына көңіл бөліп, маңызын көрсеттім.
9-мамыр әділеттің әділетсіздікті жеңген күні.


(Шығарма байқауында ерекше деп танылған жұмыс туралы.)

Менің алғашқы мектепшілік шығарма сайысында бірінші орынға ие болған шығармашылық жұмысымның тақырыбы Ұлы Отан соғысының 61 жылдығына арналған болатын. Шығармада мен аға ұрпақтың Отан алдындағы қасиетті борышындағы ерен ерліктері мен сол ерлікке жету жолын жетелеген адамдар арасындағы адамгершілік қасиеттер, халықтар арасындағы достық, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдеріне тоқталдым. Сонымен қатар тылдағы соғыс қажеттілігін  өтеу жолында еңбек еткен аталар мен әжелердің, жас балалардың қажымас қайраттары мен төзімділігін, жеңіске деген сенімін суреттедім.

Мектеп ішіндегі шығарма байқауынан ерекше деп танылған жұмысым аудандық байқауға жіберіліп, жүлделі деп танылды.

Ұстаз Естеу Нүсіпбековтың ақындық тұлғасы.

Мен өзімнің зерттеу жұмысымда жерлес ақынымыз, өмірін ұстаздықпен өткізген Естеу Сабырбекұлы Нүсіпбековтың мұрасын негізге алдым. Мен өз еңбегімде Естеу ақынның өндіре жазып, сөз өнерінің алтын қорына жататын туындылар берген бірегей дарын екендігін таныта алдым. Ақын өлеңдеріндегі ой иірімдерін, жан күйзелісін, қуанышы мен мұңын дөп тауып, өлеңдерін жан-жақты талдай білдім.

Ақын туындыларында өз заманының ауқымды көріністері орын алып, адал да арлы еңбек адамының азаматтық бейнелері сомдалғанын, ақын қаламынан туындаған дүниелердің беттерінде көркем ойлар мен қас шебердің қырнап-мінеуінен өткен тіл өрнектерінің тұнып тұрғандағын айта отырып, мен өз ұсыныс-қорытындымды айтамын.

Менің айтарым- ақынның ұрпаққа қалдырған осынау бай мұрасы көпшілікке кең түрде танылса, мектеп оқулық беттерінен орын алса екен деймін.

Ұстаз

Бүкіл зерттеу жұмыстарын жүргізуде маған бағыт-бағдар берген, зерттеу жұмысына қызықтырып, ой салған қазақ тілі, әдебиті пәнінің мұғалімі Смаилова Сарахан Сағымбекқызының еңбегі зор.

Нағашыбаева   Аяулымның  қорғаған тақырыбын мына жерден қарай аласыздар —> Аяулым

One comment

  1. Аяулым, танысып шыктым, өте керемет! Талабыңа нұр жаусын!Әрине менде атамның еңбектері оқулыққа енсе деген ойдамын. Себебі ол 40 жыл ұстаз болған ардақты ақын.

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *