Естеу Нүсіпбековке арналған сайт

«Естеу» стипендиясы

Р.Тоқатаев атындағы орта мектептің

2007 жылғы   «    »- наурыздағы

Педагогикалық кеңесінің шешімімен

бекітілген

Рақымжан Тоқатаев атындағы орта мектеп оқушыларына

«Естеу Нүсіпбеков» атындығы стипендияны тағайындау ЕРЕЖЕСІ:

Осы Ереже Еңбекшіқазақ аудандық білім беру бөлімінің №___ бұйрығына сәйкес іс шараларды жүргізу бойынша   Есік қаласындағы Рақымжан Тоқатаев атындағы орта мектеп оқушыларына «Естеу Нүсіпбеков» атындағы стипендияны тағайындау тәртiбiн айқындайды.

  1. «Естеу Нүсіпбеков» стипендиясы (бұдан әрі – стипендия) дербес болып табылады және оны қазақ тілі мен әдебиеті пәнін дамыту негізінде ізденімпаз, білімді оқушылар санын көбейту мақсатында тағайындалады.
  2. Стипендияға үміткерлер қатарына мектептің жетінші сыныбынан он бірінші сыныбында оқитын мектеп жұмысына белсене қатысатын, мектептің қабырға газетін шығаруға атсалысатын, туған жер, патриоттық, танымдық, тәрбиелік мәнді өлеңдер мен шығарма жазатын, әдеби кештер мен семинарларға белсене қатысатын т.с.с белсенді оқушылар жіберіледі.
  3. Стипендия жылына бір рет беріледі.
  4. Келесі бағыттар  бойынша жылына 4 (төрт) стипендия тағайындалады:

1)     Қазақ тілі мен әдебиетінен аудандық, облыстық немесе республикалық олимпиадаларда жүлделі орындар алған оқушылардың ең үздігіне – «Олимпияда жүлдегері» стипендиясы;

2)     Мектеп өміріне белсенді атсалысатын, қазақ тілінде өлең, озық шығармалар жазып, әдеби кештер мен семинарларға белсене қатысатын, ол шығармалары ауандық, облыстық, немесе республикалык газет-журналдарда басылған оқушылардың ең үздігіне – «Белсенді оқушы» стипендиясы;

3)     Естеу Нүсіпбеков шығармаларын, өмірбаянын зерттеген, олар бойынша жеке туындылар жасаған, Естеу өлеңдерін басқа тілдерге аударған оқушылардың ең үздігіне –  «Естеутану» стипендиясы;

4)     Қазак тілі мен әдебиетінен олимпиадаға жүлдегер оқушылар дайындаған, мектеп өміріне белсене атсалысқан, әдеби кештер мен семинарлар ұйымдастырған, Естеу шығармаларын зерттеп, қорғау үшін оқушыларды дайындаған бір ұстазға –   «Үлгілі ұстаз» стипендиясы тағайындалады.

  1. Стипендиянттарды анықтау мен тағайындау шаралары мектеп ұжымы атынан жүзеге асырылады.
  2. Стипендиялардың көлемін анықтау мен қаржыландыру шаралары Естеу Нүсіпбековтің отбасы мүшелерінің есебінен жүзеге асырылады.
  3. Стипендияны тапсыру мезгілі – жыл сайын 16 мамыр деп белгіленеді.
  4. Осы ереже мектептің педагогикалық кеңесі бекітілген күннен бастап күшіне енеді.

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *